• +7 702 820 0400
  • info@sciencepark.kz
  • @UNEPG

UniSat жаңалықтары

Қазақстандық қыздар наноспутниктерді жинауды үйренетін болады


ЮНИСЕФ пен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КЕАҚ UniSat білім беру жобасына қатысуға шақырады



Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 22 маусымы - БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ КЕАҚ наноспутниктерді әзірлеу бойынша UniSat білім беру жобасының II кезеңін іске қосуда. Наноспутниктерді құрастыру бойныша онлайн-тренингке 14 пен 25 жас аралығындағы қыздар https://cutt.ly/Xn2FF3y сілтеме арқылы өтініш бере алады.


UniSat-бұл ЮНИСЕФ пен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  КЕАҚ бірлесе әзірлеген білім беру бағдарламасы болып табылады.  Өткен жылы осы бағдарлама аясында 20 қыз осы наноспутниктерді жасап, оларды стратосфераға ұшырды. Жоғарыға жіберілген наноспутниктер жердің суреттерін түсіріп, ғалымдардың одан әрі қарай талдауы үшін радиация, қысым, ауырлық, жарық пен газдың құрамы туралы мәліметтерді жинады.


Осы жылы Dubai Cares, ЮНИСЕФ пен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның барлық өңірлерін қамтып, көп адамға білім беретін онлайн-курсты ашатын болады. Курста бағдарламаға қатысушылар ғарыш аппаратын жобалау, құру, дизайнын жасау, бағдарламалау, сынау және ұшыру секілді маңызды кезеңдерін меңгереді. 


UniSat бағдарламасының мақсаты – наноспутниктерді әзірлеуде қыздардың білімі мен құзыреттілігін дамытып, командалық жұмыс, шешендік өнер, тайм-менеджмент және шығармашылық тапқырлық секілді  дағдыларды жетілдіру.


«UniSat пилоттық жобасының 2020 жылғы жетістігі ЮНИСЕФ пен ҚазҰУ-ін жобаның ІІ кезеңін іске қосуға және географияны кеңейтуге шабыттандырып отыр. Ол ғылым мен техниканың шекарасын кеңейткісі келетін қыздар мен әйелдердің үлкен әлеуетін көрсетіп, қатысушыларын ғылым, техника, инженерия және математика саласы бойынша білім мен мансапты жалғастыруға ынталандыратын болады. Сондықтан мен барлық болашақ қатысушыларды бағдарламаға тіркеліп, жұлдыздарға жетуге шақырамын» - деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.


Наноспутник салмағы 10 кг-нан аспайтын шағын ғана ғарыш аппаратының классы болып табылады. Бүгінде наноспутниктер әлемнің жетекші университеттерімен және коммерциялық ұйымдарымен әзірленуде. UniSat спутниктері білім беру мақсатына арналған және ол ішінде біреуі жердің эллиптикалық бейнесін 4K ажыратымдылығымен түсіретін бірнеше камералармен жабдықталған.


ЮНИСЕФ пен ҚазҰУ арасындағы серіктестік аясында қыздар аэроғарыштық техника саласындағы жетекші сарапшылардан 3D-модельдеу, бағдарламалық басқару блоктарын жобалау, бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуді әзірлеу дағдыларына үйреніп, Linux-тағы коммуникациялар мен бағдарламалау негіздерін білетін болады.


UniSat жобасының II кезеңіндегі білім беру бағдарламасына бағдарламаның қатысушыларына өздерінің қалай табысты болғаны туралы айтып беретін табысты әйелдердің, әр түрлі саладағы кәсіпқойлардың  вебинарлар сериясы кіреді.


Онлайн-бағдарламаның үздік түлектері наноспутникті құрастыру және оны стратосфераға жіберу бойынша апталық практикалық курсқа шақырылатын болады.


Жобаға қатысқысы келетіндердің барлығы келесі сілтеме бойынша тіркелуі қажет: https://cutt.ly/Xn2FF3y


Тіркелудің ақырғы мерзімі: 2021 жылдың 26 маусымы


Редакторларға арналған ескертпелер

Жоба туралы қосымша ақпаратты UniSat –тың https://unisat.kz/сайтынан алуға болады.

ЮНИСЕФ ТУРАЛЫ

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) біз жасаған барлық істерде әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қорғайды және біз серіктестерімізбен бірге ең осал отбасылар және жағдайы төмен отбасылар балаларына көмек көрсету үшін 190 елде жұмыс істейміз. ЮНИСЕФ пен оның Қазақстандағы жұмысы туралы қосымша ақпарат алу үшін www.unicef.org/kazakhstan веб-сайтына кіріңіз. Instagram, Facebook және Twitter арқылы Қазақстандағы ЮНИСЕФ- жаңалықтарын бақылап отырыңыз.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - бәсекеге қабілетті жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша еліміздің университеттік жүйесінің флагманы болып табылады. ҚазҰУ технопаркі жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласында (физика, математика, химия, биология және т.б.) қолданбалы және фандаменталды  зерттеулерге арналған мамандандырылған зерттеу жабдықтарына ие.


Dubai cares

 

Dubai Cares - бұл 2007 жылы БАӘ Премьер-Министрі, вице-президенті, және Дубай әмірі шейх Мұхаммед бен Рашид Аль Мактумның шешімімен құрылған халықаралық қайырымдылық ұйымы. Ұйым БҰҰ-ның 4-ші орнықты даму мақсатына  қол жеткізуде шешуші рөл атқарады, оның мақсаты баршаға инклюзивті және сапалы білім беруді қамтамасыз ету және 2030 жылға дейін өмір бойы білім алуды алға жылжыту. Dubai Cares және оның жұмысы туралы қосымша ақпарат үшін: https://www.dubaicares.ae/



БАҚ байланысы 

Эльвира Яушева

Қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы

ЮНИСЕФ

Тел: +7 707 109 8553

Электрондық пошта: eyausheva@unicef.org