• +7 702 820 0400
  • info@sciencepark.kz
  • @UNEPG

Өз арманыңызды ұшырыңыз

ЮНИСЕФ пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сіздерді UniSat білім беру бағдарламасына қатысуға шақырады.

UniSat туралы

UniSat - Unicef балалар қоры мен әл – Фараби атындағы ҚазҰУ бірлескен білім беру бағдарламасы. Өткен жылы осы жоба аясында 20 қыз наноспутниктерді құрастырып, стратосфераның жоғарғы қабатына ұшырды. Ұшырған наноспутниктер Жер бедерін суретке түсіріп, радиация, қысым, гравитация, жарық пен газдың құрамы туралы ғалымдарға әрі қарайғы зерттеулеріне деректерді жинады.

Осы жылы Dubai Cares, Unicef балалар қоры мен әл – Фараби атындағы ҚазҰУ қолдауымен Қазақстанның барлық аймақтарын қамтитын және көптеген адамдарды оқытуға мүмкіндік туатын онлайн – курсты бастайды. Бұл курста жоба қатысушылары космостық аппаратты құрудың барлық деңгейлерінде өздерін шыңдайды: жобалау, дизайн, программалау, құрастыру, сынақтан өткізу мен ұшыру.

Наноспутник дегеніміз не және сіз одан не үйренесіз?

Наноспутник – салмағы 10 кг аспайтын космостық аппараттардың шағын классына жататын спутник. Бүгінгі таңда наноспутниктер әлемнің жетекші университеттері мен коммерциялық ұйымдарда құрастырылып жатыр. UniSat спутниктері білім беру мақсатында арналған және бірнеше камерамен жабдықталған. Осы камералардың біреуі Жерді 4К нұсқасында эллиптикалық суреттер түсіреді.

UniSat жобасының мақсаты қыздардың наноспутникті құрастыру облысында білім мен біліктілігін арттыруға арналған, оған қоса топтық жұмыс, көпшілік алдында сөз сөйлеу, уақытты тиімді басқару мен шығаршылық секілді дағдыларын дамыту болып табылады.

  • Teamwork

    Сәтті команда – әрбірінің өзіндік дағдылары мен мықты жақтарының арқасында команданың ортақ мақсатына тиімді жетуге көмектеседі.

  • 3D модельдеу

    3D модельдерін проекттеу – UniSat корпусын модельдеу мен оны 3D – принтерде басып шығаруды үйрену қызықты болады деп ойлаймыз.

  • Инженерлік өнер

    Тәжірибе қыздарды мықты cubesater – ге айналдырады. Сіз алғашқыда баспа платаларымен танысып, оларды жинап және сынақтан өткізіп, одан кейін өзіңіздің жеке наноспутникіңізді ұшырасыз.

  • Программалау

    Программалау сізге өзіңіздің cubesat – ыңызды толықтай бақылауға мүмкіндік беру арқылы сенсорлық платалардан деректерді алуға және UniSat селфилерінен рақаттануға болады.

Girls from Kazakhstan launching their nano-satellites
UniSat (2020) бағдарламасының қатысушылары стратосфераға наноспутниктерді ұшырды.

Біз қыздарды мынадай таңқаларлық білім алу саяхатына шақырамыз:


  • 1. 10 танымал әйелдермен тікелей эфир мен вебинарлар
  • 2. Кәсіби тәлімгерлердің қолдауымен интерактивті онлайн – білім беру.
  • 3. 10 – күндік Орталық Азиядағы кезекті стратосфераға ұшыралатын наноспутникті құрастыру мен сынақтан өткізу туралы практикалық семинар
Өтінім беру

UNEPG жобасының компоненттері

Назар аудару: барлық курстар, вебинарлар, тікелей эфирлер толықтай тегін.

Там 2021 – Нау 2022

Вебинарлар
Тікелей эфирлер мен вебинарлар
  • Онлайн вебинарлар
  • Тікелей эфирлер
  • Табысты, танымал әйелдермен сұхбат
  • Онлайн кездесу
  • Сұрақ – жауап сессия
...

Қаз 2021 – Сәу 2022

Курстар
Онлайн курстар мен материалдары
  • Баспа платаларын проектілеу
  • 3D модельдеу
  • Электрлік инженерия
  • Программалық қамтамасыздандыруды құру
  • Заттар интернеті
...

Сәуір 2022

Семинар
Оффлайн практикалық семинар
  • Hardware құрылғыларын жасап шығару
  • Hardware құрылғыларын тестілеу
  • Программалық және аппараттық қамтамасыздандыруды интеграциялау
  • Ұшу жоспары
  • Сымсыз байланыс
...

UniSat жобасы туралы толығырақ


UNICEF пен ҚазҰУ арасындағы серіктестік аясында қыздар ғарыш техникасын 3D-модельдеу, басқарудың бағдарламалық блоктарын жобалау, бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуді әзірлеу дағдылары, коммуникациялар және Linux астында бағдарламалау негіздері саласындағы жетекші мамандардан білім алады.

UniSat білім беру бағдарламасы табысты әйелдердің, түрлі қызмет салаларындағы сарапшылардың қатысуымен өткен вебинарлар сериясын қамтиды, олар өз жетістіктерінің тарихын бағдарлама қатысушыларымен бөліседі.

Онлайн-бағдарламаның үздік түлектері Наноспутникті құрастыру және оны стратосфераға іске қосу бойынша бір апталық практикалық курсқа шақырылатын болады.

Жобаға қатысқысы келетіндердің барлығына сілтеме бойынша тіркелу қажет.